BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Таразда теңгеге ескерткіш орнатылды

Астана. 13 қараша. Baq.kz – Бүгін Таразда ұлттық теңгемізге ескерткіш орнатылды. Бұл туралы «Интерфакс-Казахстан» агенттігі хабарлайды.

Диаметрі 120 сантиметр және салмағы 0,5 тонна болаттан жасалған тиын Ұлттық банк филиалының жанындағы саябақта өңделмеген гранит тұғырға қойылған.
Алып теңгенің беткі жағында Т (теңге) әрпі, ал артқы жағында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1993 жылғы 15 қарашадағы мемлекет аумағында ұлттық валютаны айналымға енгізу туралы жарлығы жазылған.
Тұғырда 20 жыл бұрын ең алғашқы теңгелер Таразда басылып, еліміздің әр өңіріне таралғаны жазылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер