Таңертеңгілік сессияда доллар бойынша 48 келісім жасалды - Қаржы|07 Маусым 2018, 11:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Таңертеңгілік сессияда доллар бойынша 48 келісім жасалды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сауда-саттық сессиясының қортындысы бойынша теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамы бір доллар үшін 331,87 теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

KASE хабарлағандай, орташа сараланған бағам бір АҚШ доллары үшін 331,87 теңгені құрады. Осылайша доллар 0,04 теңгеге қымбаттады. Жалпы, сауда-саттық көлемі – 19 900 мың доллар болды.

Ал, Ресей рублі бойынша мәмілелер жасалған жоқ, сессия жабылар сәтте сұраным бір рубльге 5,3900 теңге, ұсыным – бір рубльге 5,3950 теңгені құрады.

Осы ретте, айта кетер болсақ, Қазақстанның ұлттық банкі ресми сайтында 2018 жылдың 7 маусымына шетелдік валютаға қатысты теңге бағамын былай бекітті: АҚШ доллары – 331,83 теңге, еуро – 390,63 теңге, ресейлік рубль – 5,35 теңге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер