BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Соңғы үш айда теңгенің орташа бағамы бір доллар үшін 351 теңгені құрады – Сүлейменов

Астана, BAQ.KZ. тілшісі. Бүгін Мәжілісте «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы қаралды. Жалпы отырыс барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен таныстырды.

«Сіздердің қарауларыңызға 2018 жылға арналған нақтыланған елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамы енгізіліп отыр. Болжам келесі факторлардың негізінде нақтыланды. 2017 жылға арналған номиналды жалпы ішкім өнім 687,9 млрд теңгеге ұлғаюмен, іс жүзінде 53,1 трлн теңге көлемінде қалыптасты (52,4 триллион теңге – сәуірдегі бағалау). Соңғы үш айда теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 329-381 теңге аралығында өзгерді және орташа 351 теңгені құрады. Осыны ескере отырып теңгенің АҚШ долларына қатысты есеп айырысу бағамы 340 теңгеден 350 теңгеге дейін ұлғайды», - деді баяндамасында Сүлейменов.

Министрдің айтуынша, жыл басынан бері мұнай бағасы біршама құбылмалылықты көрсетеді, ең төменгі баға барреліне 62,6 АҚШ долларына дейін жетті. Халықаралық ұйымдардың консенсус-болжамы бойынша мұнай бағасы барреліне 69 долларды құрайды. Осыны ескере отырып мұнай бағасының барреліне 55 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларына дейін артты.

«2017 жылғы нақтыланған базаны ескере отырып, 2018 жылы номиналды жалпы ішкі өнім 58,2 трлн теңге көлемінде болжануда. Бұл сәуір айындағы нақтыланған көрсеткіштен 1,0 трлн теңгеге жоғары. Нақты жалпы ішкі өнім өсімі 3,8% деңгейінде сақталды. Негізгі салалардың өсу қарқыны бұрынғы деңгейде сақталды. Әлемдік мұнай бағасының артуын және экономиканың өсуін ескере отырып, экспорт 56,5 млрд долларға дейін артады, бұл ретте импорт 33,2 млрд долларға дейін төмендейді», - деді ведомство басшысы.

Сүлейменовтың мәліметінше, инфляция бекітілген 5,0-7,0% деңгейінде күтіледі. Түзетілген макроэкономикалық болжам негізінде 2018 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. 2018 жылға арналған кірістер (трансферттерді есептемегенде) 5 718,2 трлн теңге бекітілген жоспар деңгейінде сақталды.

«Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілуіне байланысты 2018 жылға арналған республикалық бюджетке Түркістан облысының бюджетінен одан әрі Шымкент қаласының бюджетіне аудару үшін 15,1 млрд теңге көлемінде трансферттердің түсуі көзделіп отыр. Республикалық бюджеттің шығыстары бұрын бекітілген көлемге қарағанда 12,6 млрд теңгеге ұлғаюмен, 9 655,6 трлн теңге көлемінде болжануда. Бюджет тапшылығы бұрын бекітілген 883,3 млрд теңге немесе жалпы ішкі өнімнің 1,5% мөлшерінде сақталды. Болжамдарға сәйкес, мұнай емес тапшылықтың деңгейі жалпы ішкі өнімнің 7,4% құрайды және Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасымен белгіленген шекті деңгейден аспайды. Ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдер бұрын бекітілген көлемге қарағанда 1 236,2 трлн теңгеге ұлғаюмен, 3 121,4 трлн теңгені құрайды», - деп түйіндеді Тимур Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер