BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Швед соты Қазақстанның 100 млн долларлық активтерін уақытша бұғаттау туралы бұйрықты күшінде қалдырды

2018 жылғы 24 қаңтарда Стокгольм қаласының округтік соты Ұлттық қордың Швецияда орналасқан активтеріне тыйым салу жөніндегі бұдан бұрын қабылданған бұйрықтың күшін жоймау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, шведтік сот Ұлттық қордың 33 шведтік компанияның акциялары түріндегі жалпы сомасы шамамен 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі активтеріне иелік етуге және Қазақстанның Швециядағы Елшілігінің банк шоттарына уақытша шектеу қойды.

Кейін Қазақстан Республикасының өтінішхаты негізінде Елшіліктің шоттарынан ауыртпалықты алып тастауға қол жеткізілді. Алайда, сот активтердің мәртебесі, Ұлттық банктің құқықтық жағдайы және оның Ұлттық қордың қаражатын басқару бойынша өкілеттіктері туралы дәлелдерді назарға алмады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі және Ұлттық банк тыйым салынған қаражаттың халықаралық келісімдерге сәйкес қол сұғылмайтындығын дәлелдей отырып, аталған шешімге Швецияның Апелляциялық сотында шағым жасайтын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер