Шілде айында астаналықтар долларға ең көп сұраныс жасаған - Қаржы|19 Шілде 2013, 23:01
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шілде айында астаналықтар долларға ең көп сұраныс жасаған

Астана. 19 шілде. Baq kz - Осы жылдың шілде айында америкалық доллардың сату жөнінен ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында тіркелді. Мамыр айымен салыстырғанда сату көрсеткіші 28,2 %-ға өскен, атап айтсақ 5,7 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BNews.kz «Аналитикалық Шешімдер Студиясы» компаниясының аналитикалық жобасына сілтеме жасай отырып.
 

 Астаналық валюта айырбастау пунктерінің 2013 жылғы мамыр айындағы қорытындысы бойынша долларды сату өсімі 128,2%-ды құрады. Салыстырмалы түрде 2012 жылдың маусым айын алатын болсақ, бұл көрсеткіш 87,3% болатын.

Ал, Алматы, ШҚО және Маңғыстау облыстарының тұрғындары долларды сатып алуда «сабырлылық танытып», осы жылдың мамыр айында сәйкесінше 98,2%, 98,7% және 98,6% көрсеткіштеріне ие болды.

«Жалпы маусым айында халықтың долларға деген сұранысы 7%-ға артты. Валюта айырбастау пунктері 239 млрд теңгеге доллар сатты. Маусымда доллар 151,43 теңгеге дейін 0,4 теңгеге қымбаттады», – делінген зерттеуде.

Атап өтсек, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша, 19 шілдеде доллардың ресми бағасы 152, 52 теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер