BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: dixinews.kz

Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, ел аумағының басым бөлігі белсенді фронталды жүйеде болуына байланысты, жауын-шашын, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей жерде екпінді жел, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін.

Aлматы облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні 25 м/с күшеюі ықтимал, түнде кей жерінде тұман түседі.

Aқмола, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейіп, тұман, бұрқасын, Қостанай облысында көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ, жел жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұрқасын болады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, Түркістан Жамбыл облыстарында жел 15-23 м/с күшеюі мүмкін.

Павлодар, күндіз Aқтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Aтырау, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман түседі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер