BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сбербанк шағын бизнестің несиеленуін арттыруда

Астана. 13 қараша. Baq.kz - Нарықтағы бөлшек несиелеу трендіне қарамастан, Сбербанк шағын бизнесті несиелеу көлемін арттыруда. Аталмыш банк үш жыл ішінде осы бағыттағы қарыздарын 3,5 есе өсіріпті. Бұл туралы Ranking.kz порталының сараптама нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Жалпы, бүгінде банктер мен шағын бизнес арасындағы қарым-қатынас күн санап құлдырауда. Соңғы үш жыл ішінде екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) қоржындарындағы шағын компанияларды несиелеу үлесі 23%-дан 13%-ға дейін төмендеген. Шағын бизнестегі банктік қарыздардың көлемі 2010-2013 ж.ж. қыркүйек айлары аралығында 20%-ға немесе 362 миллиард теңгеге қысқарды. Салыстырмалы түрде көрсететін болсақ, жалпы несие нарығы 46%-ға, ал тұтыну несие бағыты 2,3 есе өсті.
Сарапшылардың айтуынша, кәсіпкерлерде несиені қамтамасыз ететіндей гаранттар саны жеткіліксіз. Осыған байланысты банк секторында бөлшек несиелеу басты бағытта. Мәселен, банктік тұтыну несиелері қыркүйек айында 2 триллион теңгеден асса, шағын бизнес несиелері 1,4 триллион теңгеге дейін қысқарды.

 


Бүгінде шағын компанияларға деген ЕДБ қызығушылығының төмендеу трендін өз кәдесіне жарату мақсатында еліміздегі Сбербанк қаржы орталығы батыл қадамдар жасауда. Ол жақында ғана жеке кәсіпкерлерге және шағын компанияларға арналған кепілзатты қамтамасыз етілуі әртүрлі жаңа несие пакетін жария етті. Корпоративтік сегментке бағыт алған бұл банк, үш жыл ішінде шағын және орта бизнес бойынша қарыз қоржының 25-тен 90 миллиард теңгеге өсірді.

 

Мөлдір АСҚАР
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер