BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Самұрық-Қазынаның" жаңа Даму стратегиясы еншілес компаниялардың табысын арттырады 

«Самұрық-Қазына» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы мен жаңартылған Трансформациялау бағдарламасын қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Құжат компаниялардың табыстылығын көтеруге, еншілестікті тиімді түрде басқару мен тұрақты дамуға бағытталған. Енді «Самұрық-Қазынаның» басты басымдық беретін дүниесі еншілес компаниялардың табысын ұлғайту арқылы ұлттық әл-ауқытты арттыру болмақ.

19 сәуір күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ Басқару жөніндегі кеңес отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қордың 2018-2028 жылдарға арналған жаңа Даму стратегиясы мен жаңартылған Трансформациялау бағдарламасын мақұлдап, қабылдағанын еске сала кетейік. Мемлекет басшысы Қордың дамуына бағытталған шараларға оң бағасын берді.

Қаржылық тұрақтылықты нығайту, Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру және цифрландыру арқылы әл-ауқатты анықтау жолымен еншілес компаниялардың табыстылығы артатын болады. Сонымен қатар Жекешелендіру бағдарламасын аяқтау, инвестициялық жобалар қоржынын қайта қарастыру және стратегиялық емес активтерден шығу арқылы стратегиялық серіктестерді жұмылдыру жоспарланып отыр.

Жаңа Стратегияға сәйкес қазақстандық бизнеспен және шетелдік серіктестермен бірлесіп тиімді инвестициялар жүргізу арқылы жеке капиталдың дамуына бағытталған табысты әртараптандыру жоспарлануда. Бұл өзгерістер Қордың жаңа құрылымын енгізуге, атап айтқанда компаниялар санын 332-ден 179-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Халықаралық инвестициялар қоржынын стратегиялық бақылауға алуды Қордың Басқару жөніндегі кеңесі жүзеге асыратын болады. Бұл инвестициялардың артықшылықтары ретінде экономикаға баса мән беруді төмендету, жергілікті инвесторлардың кетуін тоқтату, халықаралық деңгейде қатысуды нығайту және жаңа технологиялар мен білім түріндегі пайда алу аталып отыр.

Сонымен қатар жаңа Стратегияға сәйкес, «Temasek» және «Khazanah» компанияларының мысалында әлеуметтік инвестициялар тек адами капиталды құруға, білімге және инновацияларға бағыталатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер