BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Самұрық-Энерго» проблемалы Qazaq Banki-нен 7 млрд теңгеден астам қаржысын шығарды

Фото: ашық дереккөзден

«Самұрық-Энерго» АҚ-ның Qazaq Banki-де өткен жылдан бері сақталып келген 7,2 млрд теңгенің бүгінде тек 9,8 млн теңгесі қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Самұрық-Энерго» АҚ 2017 жылы «Qazaq Banki» АҚ-ға 7,2 млрд тенге орналастырған болатын. 2017 жылғы 31 желтоқсанға қарай бұл сома энергия холдингінің екінші деңгейлі банктердегі шоттарда орналастырған ақшалай қаражатының 15,9%-ын құрады.

2018 жылғы 27 сәуірдегі жағдай бойынша Qazaq Banki-нің шоттарында қалған қалдық 9,8 млн теңгені құрайды. «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ағымдағы жұмысы аясында қаражатты одан әрі пайдалану бойынша жұмыс жүргізілуде.

Осылайша, БАҚ-тағы компанияның бос қаражатының бәрі бір банкіде орналастырылған деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Алайда, осыған қарамастан «Самұрық-Энерго» басқарма мүшелерінің қызметі уақытынан бұрын тоқтатылды.

«Басқарма мүшелері тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу туралы өтініш берді. С.А. Нұрғожаевтың және Е.Е. Оспановтың Басқарма құрамына мүшелігі туралы мәселенің шығарылуы корпоративтік рәсімдерді сақтау қажеттігінен туындады және Qazaq Banki-дегі жағдаймен мүлдем байланысты емес», - делінген компанияның ресми сайтындағы жариялымда.

Айта кетейік, «Самұрық-Энерго» АҚ – Қазақстанның барлық саласының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, энергия үнемдеудің жоғары тиімді жүйесін құруға бағытталған және өз акционерлеріне бағаны құрайтын, халықаралық энергиялық балансқа табысты интеграцияланған ірі көпсалалық энергетикалық кешен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер