BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда ұлттық валютадағы салымдар көлемі артты

2017 жылдың қараша айында ҚР ЕДБ-ге салынған ақша көлемі жыл басынан бері 4,8% қысқарып, 14,9 трлн теңге болды. Жекелеген салымдар көлемі бір жылда 4% (304 млрд теңге) өсіп, 7,9 трлн теңгеге жетті. Ал ұжымдық салымдар керісінше 12% (1 трлн тг) қысқарып, 7 трлн теңге болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Заңды тұлғалар салымы азаюының арқасында жекелеген депозиттер салыстырмалы салмағын жалпы салымдар көлемінде 48,7%-дан 52,8%-ға дейін жеткізіп, ЕДБ-ның негізгі табыс көзіне айналды.

Портфельдегі жекелеген депозиттер салымының салыстырмалы салмағы 35,4%-дан 45,6%-ға дейін өсіп, 3,6 трлн теңге болды. Яғни бір жылда 33,8% өсті. Мұнымен қатар, барлық аймақта теңге салымдарының үлесі артқан. Дәлірек айтсақ, Астана мен Алматы қалаларынан өзге аймақтарда тұрғындар теңгеге басымдық берген.

Ақмола облысында теңге салымының салыстырмалы салмағы - 70,8% (бір жыл бұрын 61,9%), бір жылда көлемі 34,5% өсіп, 91,7 млрд теңгеге жетті. ҚР-дан үлесі өзгеріссіз қалды - 2,5%.

Екінші орында СҚО тұр. Аталған аймақтағы теңге салымдарының мөлшері - 69,6%. Бір жыл ішінде 41,2% өсіп, 99 млрд теңгеге жетті. ҚР-дан үлесі 2,6%-дан 2,8%-ға өсті.

Көшбасшылар үштігін Қызылорда облысы бекітеді - 68,3% (бір жыл бұрын 59,1%). Бір жылда 34,2% өсіп, 59,7 млрд теңгеге жетті. ҚР-дан үлесі - 1,7%.

Шетелдік валютадағы салым мөлшері бір жылда 12,4% қысқарып, 4,3 трлн теңгеге жетті. Қысқару барлық аймақта байқалады. Олардың салыстырмалы салмағы 64,6%-дан 54,4%-ға дейін қысқарды.

Ең көп Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары шетелдік валютада салымдар салған. Осы салымдардың салыстырмалы салмағы 67,4%-ды құрайды. Бір жыл бұрын 76,2% болған еді. Көлемі 15,7% қысқарып, 2,5 трлн теңге болды. ҚР-дан үлесі 60%-дан 57,8%-ға қысқарды.

Астанада шетелдік валютадағы салымдар саны бір жылда 67,5%-дан 60,2%-ға дейін қысқарды. Жалпы көлемі 3,7% қысқарып, 646,6 млрд теңге болды. ҚР-дан үлесі 13,7%-дан 15,1%-ға дейін өсті.

Ұжымдық сақтандыру депозиттері жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасы банктерінің ішінен 7 ЕДБ ғана 50%-дан жоғары ұлттық валютадағы жекелеген салымға ие.

ТҚЖБ ғана 100% салымды ұлттық валютада сақтайды. Мұнымен қатар, Хоум Кредит және Kassa Nova банктерінде ұлттық валютадағы салымдардың үлесі көп. Хоум Кредит салымдарының салыстырмалы салмағы - 89,8%, бір жыл бұрын - 86,6%. Ал Kassa Nova банкінде бір жылда ұлттық валютадағы салымдар көлемі 32,6%-дан 67,3%-ға өсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер