Биыл сақтандыру компаниялары қазақстандықтарға 205 млн теңге төледі - Қаржы|10 Мамыр 2018, 17:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Биыл сақтандыру компаниялары қазақстандықтарға 205 млн теңге төледі

2017 жылы жарақаттан және уланып өлгендер саны 12,7 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 7% аз, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Өлімнің негізгі себептерінің ішінде оқыс жағдайдың болуы 10,3%-тен 9,7%-ке қысқарды. Сондай-ақ, оқыс жағдайдан сақтандыруға халық тарапынан келіп түсетін ақша көлемі мен керісінше оларға компаниялар тарапынан төленетін ақша көлемі екінші жыл қатарынан өсіп келеді.

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында жиналған сыйақы көлемі 2,8 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2017 жылдағы осы уақытпен салыстырғанда 20,4% көп.

Сондай-ақ, 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында оқыс жағдай кезінде қазақстандықтарға төленетін сома көлемі 56,6% өсіп, 205 млн теңгеге жетті. Биыл І тоқсанда 29 сақтандыру компаниясы халық тарапынан төлем қабылдады. Келіп түскен сома жағынан «Халық-Life» көш бастап тұр – 1 млрд теңге, өткен жылмен салыстырғанда 43,4% көп.

Екінші орында 751,6 млн теңге жинаған «Евразия» компаниясы тұр. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,1 есе көп. Лидерлер үштігін «Қазақмыс» бекітті. Ол 332,4 млн теңге жинап, өткен жылдағы көрсеткішін 0,5% арттырды.

Ал 2018 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы есепке сәйкес, үздіктер тізімінде «Номад Life» көш бастап тұр. Аталған компания 80,2 млн теңге жинап үлгерген. Екінші орында 45,7 млн теңге жинаған «Халық-Life», үшінші орында «Евразия» тұр - 24,2 млн тг.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер