BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сақтандыру брокерлеріне мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салынады

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі сақтандыру делдалдығын реттейтін заңнамаға - өзгерістер енгізілгенін хабарлады.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі № 166-VI Қазақстан Республикасының заңымен сақтандыру брокерлерінің және сақтандыру агенттерінің қызметіне қатысты заңнамалық өзгерістер енгізілді», - делінген бас банктың хабарламасында.

Сақтандыру брокерлері бойынша заңнамадағы негізгі өзгерістер:

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру брокерінің лицензиясы брокерлік қызметтің екі негізгі түріне бөлінеді - сақтандыру шарттарын жасау бойынша және қайта сақтандыру шарттарын жасау бойынша.

Брокерлік қызметтің әрбір түріне қатысты сақтандыру брокерлерінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге және олар көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жекелеген реттеушілік талаптар енгізіледі.

Атап айтқанда, сақтандыру брокерінде меншікті капиталдың белгілі бір ең төмен мөлшерінің болуы жөніндегі талап енгізіледі, сондай-ақ сақтандыру брокері қызметінің түрлерін ескере отырып жарғылық капиталға талаптар белгілеу жоспарланады.

Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерлерінің Қазақстаннан тәуекелдерді орналастырудағы қатысуы шектеледі, бұл ішкі нарықтың әлеуетін және резидент сақтандыру брокерлерінің отандық сақтандыру нарығындағы рөлін арттыруды қамтамасыз етеді.

Сақтандыру брокерлері мемлекеттік сатып алудың web-порталында сақтандыру шарттарын жасасу бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын мүдделер қайшылығын және сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманың бұзылуын болдырмау мақсатында сақтандыру брокерлеріне сақтандыру шарттарын жасасумен байланысты қызметті ұсыну жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салынады. Сақтандыру ұйымдары ғана қызметті жеткізушілер бола алады.

Бұдан басқа, сақтандыру нарығында тәуелсіз тұлғалар ретінде сақтандыру брокерлеріне сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары жасайтын сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарына қатысушылардың ортақ істерін басқару және жүргізу құқығы берілген.

Бұл өзгерістер сақтандыру брокерлерінің делдалдық қызметін дамытуға және клиенттерінің - сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сақтандыру агенттері бойынша заңнамадағы негізгі өзгерістер

Заңнаманы өзгерткеннен кейін жеке тұлға сақтандыру агенттері «өмірді сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының және (немесе) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша қызметті жүзеге асыратын бір сақтандыру ұйымының атынан және тапсырмасы бойынша жұмыс істеуге құқылы.

Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап (15.07.2018ж.) сақтандыру агенттері мына сақтандыру шарттарын:

- «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын зейнетақы аннуитеті;

- «Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын аннуитеттік сақтандыру;

- «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алу шеңберінде жасалатын сақтандыру шарттары;

- сақтанушылары ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі болып табылатын сақтандыру шарттары;

- сақтанушылары мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар болып табылатын сақтандыру шарттары;

- «Туристі міндеті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалатын туристі міндетті сақтандыру шарттары бойынша делдалдық қызметті көрсетуге құқылы емес;

«2021 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтанушылары заңды тұлғалар болып табылатын міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттерінің делдал болуға құқығы жоқ», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер