BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Рубльдің де доллар сияқты сатылу көлемі азайды

Астана. 7 қараша. Baq.kz - Рубльдің сатылу көлемінің жартсын Қазақстанның төрт аймағы қамтамасыз етеді. Оңтүстік Қазақстанда рубльдің сатылуы өте төмен. Республика халқының үштен бірі тұратын үш аймаққа жалпы сатылу көлемінің 5%-ы ғана тиесілі. Ranking.kz порталының сараптама нәтижесі осыны көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қыркүйек айында айырбастау орындары ресейлік валютаны 22,4 млрд теңгеге сатты. Теңгенің девальвацияға ұшырау қаупі туралы жазғы ақпараттар толқынынан кейін рубльдің де доллар сияқты сатылу көлемі азайды. Тамыз айымен салыстырғанда сұраныс 16%-ға түсіп кетті.
Алайда, сатылудың жылдық өсімі бойынша рубль ең қарқынды валюта болып тұр, яғни, 39,2% (2012 жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда 6,3 млрд теңге). Басқа валюталармен салыстырып көрсетсек, доллардың сатылуы 1 жыл ішінде тек 0,7%, ал, еуро 15%-ға өскен.
Халықтың ресейлік валютаға назары аймақтарға байланысты әртүрлі. Оңтүстікте рубльдаз алынады. Жалпы, республика бойынша рубльдің қыркүйектегі сатылу көлемі адам басына шаққанда 1300 теңгені құрады. Алматы облысы бойынша бұл көрсеткіштің көлемі бар болғаны 100 теңге, Оңтүстік Қазақстанда - 190 теңге. Есесіне, Солтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны рубльді орта есеппен 3 мың теңгеге сатып алған. Осындай жоғары көрсеткішті Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарынан көруге болады - 2 мың теңгеден жоғары. Астана мен Алматыдан шетелге шығатын халық саны көп болғандықтан, валюта сатып алушылар саны да әдеттегідей жоғары.
Жалпы, доллар/еуро/рубль сияқты дәстүрлі валюта корзинасында қыркүйек айындағы жалпы сатылу көлемінен ресейлік валютаның үлесі 7,6%-ды құрады. Ағымдағы жылда рубльдің сатылу көлемі еуроның сатылу көлемінен кезеңді түрде басымдылық көрсетіп тұрды. Қазақстан мен Ресейдің экономикалық байланыстары ағымдағыдай деңгейде өрбиді деп ескерсек, рубльдің сатылу көлемінің өсу қарқыны еуроның сатылу көлемінен әлдеқайда жылдамдайды деуге негіз бар.
 

Мөлдір Асқар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер