BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресми бағам - бір доллар үшін 320,29 теңге

ҚР Ұлттық банкі 10 сәуірге теңгенің долларға шаққандағы орташа бағамын 1 доллар үшін 320,29 теңге деңгейінде бекітті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның ұлтық банкі дүйсенбі күні 10 сәуірге теңгенің шетелдік валюталарға шаққандағы орташа бағамын бекітті. Сонымен, 1 АҚШ доллары - 320,29 теңге, 1 еуро — 392,87 теңге, 1 РР - 5,39 теңге, 1 қытай юаны - 50,74 теңге, 1 қырғыз сомы - 4,69 теңге, 100 өзбек сомы - 3,96 теңгені құрады.

Осы ретте, АҚШ долларының еуроға қарағанда және өзгеде валюталардың әлсіреуінен мұнай бағасының өсуі нығая түсті, деп жазады investing.com. Brent маркалы солтүстік мұхит мұнайы қоспасының маусымдық фьючерсінің құны 2,12%-ға артып, бір баррель үшін 68,54 долларды құрады. Ал, WTI фьючерсінің бағасы 2,13%-ға өсіп, бір баррель үшін 63,38 доллар болды.

Сонымен қатар, алтын бағасының артып келе жатқанын тілге тиек еткен жөн. Инвесторлар АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығыстарынан қорқып отыр. Бүгінде Comex нью-йорктік биржада алтынның маусымдық фьючерс құны 3,80 долларға немесе 0,28%-ға өсіп, бір троя унциясы үшін 1 339,80 долларды құрады. Ал, күміс фьючерсі 1%-ға қымбаттап, үнция үшін 16,5 долларды көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер