Ресей рубліне деген сұраныс теңге құнсызданады дегенді білдірмейді - Қаржы|07 Тамыз 2013, 18:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресей рубліне деген сұраныс теңге құнсызданады дегенді білдірмейді

Астана. 7 тамыз. Baq kz – Кеше "Тitus.kz" сайты Қазақстанда Ресей рубліне сұраныс күн санап өсіп барады деп хабарлаған болатын. 

"Тitus.kz" порталының мәлеметі бойынша, еліміздегі айырбастау пунктері ағымдағы жылдың шілде айында жалпы құны 21,8 млрд. теңгеге рубль сатқан. Оның ішінде Алматы қаласында 5,7 млрд. теңгеге, Астана қаласында 2,4 млрд. теңгеге рубль өткізілген. Бұл дегеніміз, рубльге деген сұраныс 36% артқандығын білдіреді. Ал, евроның жайы мүлдем басқа. Елімізде оның сатылымы 8% төмендеген. Егер рубльмен салыстыратын болсақ, Ресей валютасының сатылымы евродан 34% асып кеткен. Валюта бағамының осыншама күрт өзгеруі халық арасында алаңдаушылық туғызды.

Ал, бүгін Ұлттық банк бұл туралы zakon.kz сайтына түсініктеме берді. Ресей Федерациясының Орталық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасаған олар: "Ресей рубліне деген сұраныс теңге құнсызданады дегенді білдірмейді" , деп мәлімдеді. Олардың айтуы бойынша, 2009 жылы болған девалвациядан кейін теңге бағамы біршама тұрақтаған. Оның үстіне еліміздегі тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі жыл санап артып келеді. Сондықтанда алаңдайтын себеп жоқ, дейді сала мамандары. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер