Qazkom мен Halyk ресейлік еншілес банктерін біріктірді - Қаржы|22 Мамыр 2018, 19:37
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Qazkom мен Halyk ресейлік еншілес банктерін біріктірді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда ең ірі Halyk қаржы тобының ресейдегі еншілес банктері - «НБК-Банк» АҚ-ның «Москоммерцбанк» КБ-ге қосылу арқылы қайта ұйымдастыру рәсімі аяқталды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігіне қаржы тобының баспасөз қызметінен хабарлады.

Осы ретте, айта кетер болсақ, «НБК-Банк» АҚ - «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның Ресейдегі еншіліс ұйымы, ал «Москоммерцбанк» КБ - «Казкоммерцбанк» АҚ-ның еншілес ұйымы.

Сонымен, Ресей Федерациясының заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізіміндегі тиісті тіркеу РФ Федералдық салық қызметімен 2018 жылғы 15 мамырда енгізілді. Міне, осы күннен бастап, НБК-Банктің барлық міндеттемелері мен құқықтары Москоммерцбанкке өтіп, Москоммерцбанк НБК-Банктің барлық міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры атанды.

«Біз НБК-Банк пен Москоммерцбанктің сәтті біріккені жөнінде қуанышпен айта аламыз. Қос банк артықшылықтарының бірігуі Halyk тобының ресейдің жоғары бәсекелестік нарығында жайғасымын нығайтып, клиенттердің көңілінен шығу үшін қызмет көрсету мүмкіндіктерімізді арттыра түсетініне сенімдіміз. Бүгінгі күні біздің алға қойған мақсатымыз банкингтің классикалық түрінен сандық бизнес үлгісіне өту болып табылады», - деді Москоммерцбанктің басқарма төрайымы Наталья Брежнева.

Оның айтуынша, енді біріктірілген банктің клиенттік базасы едәуір ұлғаяды. Оған жергілікті нарықта Ресей-Қазақстан біріккен жобалардың аясында жұмыс істеп жатқан Halyk тобының клиенттері мен серіктестері кіреді. Банк шағын және орта кәсіпкерлерге және ірі корпоративтік клиенттерге, сондай-ақ транзакциялық қызмет пен сауда эквайрингті дамытуды көздеп отыр.

«Ресей Федерациясындағы еншілес банктерімізді қайта ұйымдастыру Halyk тобының ішінде болып жатқан интеграциялық үдерістердің маңызды қадамы десек артық болмас. Бұл алдыңғы жылы Қазкоммерцбанк тобын сатып алумен есептейтін болсақ, Halyk тобы қатысушыларының ісін оңтайландыру бойынша сәтті аяқталған бірінші жобасы. Москоммерцбанк бизнесі мен инфрақұрылымының нығаюы оның келешекте дамуына қажетті күш беріп, ресейдегі клиенттерімзе өнімдеріміз бен қызметтеріміздің кең түрін ұсыну үшін Halyk Group ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретіні анық. Реседегі еншілес ұйымымыздың алдағы уақыттағы негізгі мақсаты кредиттік қоржынның сапасы мен өсімін арттыру, сандық банкингті дамыту және клиенттік сервисті одан әрі жетілдіру», - дейді Қазкоммерцбанктің басқарма төрағасы Ульф Вокурка.

Қайта ұйымдастырудың нәтижесінде Москоммерцбанктің активтері 23 млрд ресей рублінен асып кетті, кредиттік қоржын - 12,4 млрд рубльді, жеке капиталы - 5,7 млрд рубльді құрады. Біріктірілген банктің даму стратегиясында клиенттік базаның көлемі өсіп, ссудалық қоржыны (нетто) екі есеге ұлғаяды деп күтілуде.

Бүгінде Москоммерцбанктің 2 филиалы Санкт-Петербургта және Калининградта орналасқан, сонымен қатар Новосибирск және Челябинск қалаларында екі кредиттік-кассалық кеңселері бар.

Естеріңізге сала кетейік, Halyk Group-тың ресейлік еншілес банктерін – НБК-Банк пен Москоммерцбанкті біріктіру туралы тиісті шешімі 2017 жылғы 28 желтоқсанда «Казкоммерцбанк» АҚ Директорлар кеңесімен және 2018 жылғы 8 қаңтарда «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесімен қабылданған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер