BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

POS-терминалдар қызметіне сұраныс артуда

Астана. 6 желтоқсан. Baq.kz - 2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банктер 15,0 млн. төлем карточкаларын шығарды, ал бұл карточкаларды ұстаушылар саны – 13,4 млн. адам болды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда – тиісінше 27,9% және 24,6% өсубайқалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Барынша таралған карточкалар дебеттік карточкалар болып табылады, олардың үлесі 76,8%, кредиттік карточкалардың үлесі – 20,6%. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың және алдын ала ақысы төленген карточкалардың үлесәіне тиісінше 1,3% және 1,4% сәйкес келеді.
2013 жылғы қазанда қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған транзакциялардың көлемі 562,6 млрд. теңге болды. Ал, транзакциялар саны 18,3 млн. құрап, өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда 9,2% ұлғайды. Бұл ретте қолма-қол жасалмайтын төлемдер санының және сомасының өсуі 20,6% және 9,3% көрсетті. Қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялардікі сан жағынан 5,8%-ға, сомасы жағынан 13,9%-ға артты.
Қолма-қол жасалмайтын төлемдердің негізгі үлесі POS-терминалдар арқылы жасалып, 54,9%-ға артқаны байқалды.
2013 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруды іс жүзінде 24 банк және «Қазпочта» АҚ жүзеге асырады. Аталған ұйымдар халықаралық жүйелердің төлем карточкаларын шығарады және таратады (олардың үлесі – 95,2%): VISA International, MasterCard Worldwide, American Express Internationa және, China Union Pay. Бұдан басқа Қазақстан банктері жергілікті жүйелердің төлем карточкаларын шығарады: Altyn Card – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; SmartAlemCard – «БТА Банк» АҚ және Ситибанк Қазақстан жергілікті карточкасы - «Ситибанк Қазақстан» АҚ.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер