BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанда оңтүстік өңірдің тұрғындарына несие алу оңай

Қазіргі уақытта Қазақстанда 150 шағын қаржы ұйымдары (ШҚҰ) ресми түрде жұмыс істейді. Олар банктерге қарағанда 4,5 есе көп. Ал еліміз бойынша оңтүстік аймақтағы тұрғындарға солтүстік азаматтарына қарағанда шағын несие алу оңай, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Салыстыра кететін болсақ, оңтүстік өңірде 109 ШҚҰ-ның ресми өкілдері (бөлімшелері, кеңселері, бөлімдері) жұмыс істейді. Ал, батыста 35, шығыста 20 ұйымның кеңселері бар.

Қазақстан бойынша ШҚҰ Алматыда шоғырланған. Оңтүстік астананың кәсіпкерлері шағын несие беретін 50-ге жуық ұйымға жүгіне алады. Екінші орында ОҚО тұр. Онда 30 ұйым жұмыс істейді. Шағын несие беру нарығының үштігінде Астана да бар. Елордада 25 шақты ШҚҰ несие береді.

Неліктен оңтүстікте шағын несие алу оңай? Өйткені, бұл өңірде солтүстікке қарағанда кәсіпкерлер көп. Олар жергілікті жердің экономикасына әсер етеді. Ал шағын қаржы беру ұйымдары оларға несие ұсыну үшін сол аймақта жиі ашылады және сұраныс көп болған соң, шарттарын да жеңілдетеді.

ҚР шағын несие нарығында KMF компаниясының өкілдігі қарқынды жұмыс істейді. Нарықтың басқа қатысушылары оларға қарағанда әлсіз. Бүгінде KMF еліміздің 14 өңірінде шағын несие беріп, 110 кеңседе қызметін ұсынып отыр. Өзге де ірі ШҚҰ, атап айтқанда Тойота Файнаншл Сервисез, Kaz Credit Line және АккордКапитал шағын несие беру ұйымдары KMF-тен айтарлықтай артта келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер