BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Онлайн несие бюджетке 3 млрд пайда әкелді

2018 жылы онлайн несие алғандар 3 млрд теңге салық төлейді деп жоспарланып отыр. Мұндай болжамды КазҚартех Ассоциациясының атқарушы директоры Ерлан Смаилов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

2017 жылы нарықтың күрт өсуіне байланысты 2014-2017 жылдар аралығында компаниялар 2,5 млрд теңге төледі.

«Өткен жылы біздің нарыққа көптеген фирма енді. Биыл да жаңа ойыншыларды күтіп отырмыз. 2014 жылдан бері онлайн несиенің арқасында 9 млрд теңге келіп түсті. Барлығы жекеменшік инвестицияның үлесі. Қазір қаржы технологиялары 1%-ды құраса да, ол жылдам өсіп отыр. Сол себепті, шетелдік компаниялар қазақстандық нарыққа қызығады», - дейді ол.

Мұнымен қатар, Смаилов қазір бұл салада 16 компания жұмыс істеп жатқанын айтып өтті. Тағы сегізі нарыққа шығуды жоспарлап отыр. Қазақстандық фирмалардан өзге елде Ресей, Балтық теңізі және Еуропа мемлекеттерінің өкілдері жұмыс істемек.

Сондай-ақ, қаржы технологиясы 2017 жылы тамызда тұтынушылық мақсатта алынған несиелердің жалпы құны 2,8 трлн теңге. Ипотека - 1 трлн теңге. Мұнымен қатар, тұтынушылардың қарызы 200 млрд теңгеге жетіп отыр.

«Сатып алу мүмкіндігі бар азаматтардың саны азайып, несиенің көбеюіне қарамастан, Қазақстанда 18 жастан асқан 12,8 млн адам несие ала алады. Олардың 3-4 миллионы өзін-өзі жұмыспен қамтитын, қарыз төлей алмай жүрген, жұмыссыз азаматтар. Шамамен 5,5 млн адам банкке қарыз. Бұл онлайн несие аудиториясы. Себебі, адамдар жалақыға дейін осындай қарыз ақша алып үйренген. Мұнымен қатар, көптеген тұтынушы осындай майда несиелердің арқасында өздерінің несие тарихтарын жақсартып отырады», - делінген зерттеуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер