BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Оң жағалауға көшкен Қаржы министрлігінің қызметкерлері жұмысына кіре алмай қалған

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қаржы министрлігінің оң жағалауға көшкеннен кейін аталған ведомствоға қарасты қоғамдық кеңестің қызметкелері өз министрліктеріне кіре алмай қалған. Бұл туралы Қаржы министрлігі қоғамдық кеңесінің төрағасы Борис Парсегов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қаржы министрлігінің көшуіне байланысты Министрліктер үйіндегі №4 кіреберісте жұмысқа кіруге рұқсат беретін құжатымыз жарамсыз болып қалды. Ал бізге жаңасын берген жоқ. Біз өзіміздің мемлекеттік органға кіру құқығынан айырылып отырмыз. Қазіргі таңда бізде бекітілген қызметкеріміз жоқ. Менен Мемлекеттік кірістер комитетінің әрбір қызметкері «сіздерді қалай тауып аламыз» деп сұрайды. Қаржы министрлігі аппарат бөлімінің бұрынғы басшысы ретінде бұл сұрақ мені алаңдатпай қоймайды», - деді ол Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Сонымен қатар Борис Парсегов аталған министрліктің қызметкерлері қызметтік көлік болса да, өз қалталарынан ақша шығырып, такси қызметін пайланып жүргенін мәлім етті.

«Қаржы министрлігінде әрқашан кезекші көліктер болады. Бірақ тиісті жерге баратын кезде көлік те табылмай қалады. Енді Қаржы министрлігінің қызметкерлері маған таксимен келіп жүр. Біреулер Назарбаев университетін айналып, енді бірі Қабанбай батыр көшесінен түсіп қалып жаяу келеді. Астанада қатты аяз болған кезде бізге ешкім көмектескен жоқ. Мен оларға «неге кезекші машинамен келмейсіңдер» десем, олар маған таңданып қарайды да « қандай кезекші машина?» деп сұрақ қояды», - деді қоғамдық кеңестің төрағасы.

Өз кезегінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов аталған мәселенің алдағы уақытта шешімін табатынын жеткізді.

«Сіздің айтқан ескертпелеріңіз өте орынды. Мен бұл мәселенің шешілуін ұзаққа созылмауын сұраймын. Техникалық сұрақтарға қатысты мәселелер болған. Жұмысқа кіруге рұқсат беретін құжаттар мәселесі техникалық сұрақ қой. Біз алдағы уақытта қоғамдық кеңестің жиынын өткіземіз. Онда да шешімін таппаған мәселелерді тыңдаймыз», - деді министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер