BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрлан Құсайынов қызметтен кетеді

Астана. 21 қараша. Baq.kz – 2013 жылдың қараша айының 25 жұлдызынан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ,Банк) Басқарма Төрағасы Нұрлан Құсайыновтың басқа қызметке ауысуына байланысты уәкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен Банктің 2010-2013 жж. аралығында атқарған жұмыс нәтижесін қорытындылауға арналған баспасөз-конференциясында «Бәйтерек» Холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаев хабарлады. Сондай-ақ, ол Нұрлан Құсайыновтың қызметін жоғары бағалап, алғыс білдірді.

Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, Басқарманың қазіргі басшылығының арқасында, Банк коммерциялық институттарға тартымды емес, бірақ экономикаға жоғары мультипликативті тиімділігін тигізетін тәуекелді, ірі және қиын жобаларды қаржыландыру қызметін күшейтті.
«Үш жыл бұрын Банктің және оның басшысы болып табылатын менің алдымда бірқатар мақсаттар тұрған болатын. Біз көптеген ауыр және маңызды өзгерістерден өттік. ҚДБ-ның Стратегиясы түзетілді, міндеттемелерді басқару жақсарды, қиын мәселелі жобаларды Қазақстанның Инвестициялық қорына тапсыру және балансты тазарту бойынша бірегей мәмле жүргізіліп, бизнес-процесстерді оңтайландыру шаралары қабылданды», -деп Нұрлан Құсайынов ағынан жарылды.
«Бұл үш жыл ішінде, Банк, капиталдың өтімділігінің және жеткіліктілігінің жоғары көрсеткіштерін, активтер мен пассивтерді басқаруды, корпоративтік басқарудың жоғарғы қалыптарына бейімділігін айқын көрсетті»,-деп кездесу соңында Уольф Вокурка да тәуелсіз директор ретінде Нұрлан Құсайыновтың қызметін жоғары бағалады.
 

 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер