BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Несие карточкаларына сұраныс төмен

Астана. 17 қазан. Baq.kz – Қазақстанда несие карточкаларының өмірі ұзаққа бармайды. Бүгінде айналымда олардың 2,9 млн. данасы болғанымен, тамыз айында карточкалардың 385 мыңы ғана пайдаланылған. Бұл туралы Ranking.kz сайтына сілтеме жасай отырып, Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Бүгінде айналымда жүрген несие карталарының 14%-ы ғана белсенді пайдаланылады. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, дебеттік карточкалардың 48%-ы жиі қолданысқа енеді екен. Жалпы карточкалар нарығында олардың дебеттік түрінің үлесі 90% болса, несиелік түрі 6,5% -ды құрайды.
Елімізде несие карточкаларын ең көп пайдаланатын қала ретінде 90%-бен Алматы көш басында тұр. Екінші орынды 2,1%-бен Астана қаласы иеленді. Ал, ең төмен көрсеткіш 0,2% Солтүстік Қазақстан облысында тіркеліпті.

 

Мөлдір Асқар
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер