Мұнай бағасы 76 доллардан асты - Қаржы|08 Мамыр 2018, 13:22
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мұнай бағасы 76 доллардан асты

Нью-Йорк пен Лондонның шикізат биржаларында дүйсенбі күні болған сауда қорытындысына сәйкес, мұнай бағасы айтарлықтай қымбаттады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Сауда-саттық нәтижесінде Brent маркалы мұнайдың бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 1,3 долларға көтеріліп, баррелі 76,17 доллар болған.

WTI маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 1,01 долларға қымбаттап, баррелі 70,73 долларға жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер