BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мүгедектердің күтушілеріне зейнетақы қалай төленеді?

Бүгін сенаторлар осы мәселені көтеріп, алаңдаушылық білдірді. Себебі келер жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне қарай тағайындалады.

Ал мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілері тек бала кәмелеттік жасқа толғанға дейін ең төменгі жалақы мөлшерінде жәрдемақы алады. Бүгінде елімізде 1-ші топтағы мүгедектердің саны – 59 мың. Алайда оның 13 мыңы ерекше күтімді қажет етеді. Бұл ретте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бала 18 жастан асқаннан кейін де оларды қарайтын адамдарға жәрдемақы беру мәселесін ойластырып жатыр. Кететін шығынды есептеп, Қаржы министрлігіне тиісті ұсыныс та жолдаған.

Серік Бектұрғанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

-Түйткілдің түйінін бірлесіп шешейік. Біз сіздерді қолдаймыз. Себебі бұл азаматтар назардан тыс қалып қоя береді. Олар әлеуметтік тұрғыдан қолдауды қажет етеді.

Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

-Мүмкіндігі шектеулі жандардың күтушілеріне базалық зейнетақы тағайындау кезінде мүгедектерге қанша жыл қатарынан қарағаны ескеріледі. Әрине олардың еңбек өтілін 10 жыл мерзімге дейін есепке аламыз. Ал оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізу мәселесі шешімді талап етеді.

Хабар 24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер