BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министрлiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн арттыру бойынша жұмыс істеп жатыр – Сұлтанов

Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiн арттыру бойынша шаралар жоспарын әзiрледi. Бұл туралы ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов «Теңгерiмдi және ашық бюджет – елдiң сәттi және тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуының кепiлi» тақырыбындағы парламенттiк тыңдау барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Б.Сұлтановтың айтуынша, Қаржы министрлiгi республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiн арттыру бойынша шаралар жоспарын әзiрледi. Жоспарға тiркеуi жарамсыз болып танылған жалған кәсiпорындар мен тұлғалар контрагенттерiмен жұмыс, салық тексерістерін жүргiзу, мемлекеттiк сатып алулар қатысушыларымен жұмыс, жалған кәсiпкерлiк пен экономикалық контрабандаға қарсы әрекет ету аясында шығынды өтеу бойынша көрсеткiштердi жақсарту және т.б. жұмыстар ендi. Сондай-ақ, мемлекеттiк әкiмшiлiк бақылауды төмендету мақсатында Қаржы министрлiгi бюджет пен салық саласында «Халықтық бақылауды» белсендi түрде пайдалануда. Бұған қоса, министрлiк е-аудит бақылау жүйесiн енгiзбек. Жүйенi iрi салық төлеушiлер үшiн 2019 жылдың 1 қаңтарында енгiзу көзделiп отыр.

«Қазіргі уақытта Министрлік мемлекеттік қаржыны – кірістер, мемлекеттік сатып алу және жекешелендіру бағыттары бойынша жаңғырту барысында ауқымды жұмыс жүргізіп отыр. Бағыттарды іске асыру жалпы ішкі өнімнің салық сыйымдылығын кеңейту, бизнесті жүргізу шарттарын жақсарту, сыртқы сауда айналымын жылдамдату, экономикаға мемлекеттің қатысуын қысқарту, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, мемлекеттік бюджет шығыстарының бір бөлігін, мемлекеттік-жекеше әріптестік қағидаттарын қолдана отырып, бәсекелес ортаға беру мүмкіндігі қаралуда. Осы шаралардың арқасында біз белгілі бір мерзім ішінде бюджетке айтарлықтай «босатылған» шығыстар алуды жоспарлап отырмыз. Олар білім мен ғылым және ғылымды қажет ететін салаларды дамыту арқылы адами капиталды дамытуға қайта бағытталатын болады», - дедi Қаржы министрi.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер