BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Марченконың қолы қойылған 20 мыңдық банкнот шығады

Астана 30 қазан. Baq.kz – Номиналды құны 20 000 теңгелік жаңа банкнотқа Ұлттық банктің бұрынғы басшысы Григорий Марченконың қолы қойылады. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.

15 қараша – ұлттық валютамыздың айналымға шығарылған күні. Жаңа банкнот дәл осы күні ел азаматтарының қолына тиіп қалуы керек. ҚР Ұлттық банкінің фабрикасында басылып шыққан банкноттарды мемлекет бақылап отыр, жуық арада айналымға шығаруы тиіс.

Естеріңізде болса, шілде айынан бастап 20 000 теңгелік ақшаның шығатыны жайлы әңгіме айтылып жүр. Бұл туралы танымал блогер Бақытжан Бұхарбаев өзінің блогында былай деп жазады: «ҚР Ұлттық банкінің сайтын қарап отырып, БАҚ беттерінде жарияланбаған қызық ақпаратты көзім шалды. Былай деп жазылыпты онда: «Биылғы жылдың соңына дейін 20 000 теңгелік банкнот айналымға шығарылады. Жаңа ақша теңгенің 20 жылдық мерейтойына орай, 15 қарашада халықтың қолына тиеді», - дейді блогер.

Ал Григорий Марченконың өзі бір сұхбатында Ұлттық банк мұндай номиналдағы ақшаны шығаруды жоспарлап отырған жоқ деген болатын. Өткен жылдың желтоқсанында Қазақстан Банкнот фабрикасының директоры Жомарт Қажымұратов 25 000 теңгелік банкнот шығарылатынын айтып, айды аспаннан бір-ақ шығарған еді.

 

Мөлдір Асқар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер