BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Марченко өзіне ұнайтын валюталарды атады

  АСТАНА. 16 қараша. BAQ.KZ - ҚР Ұлттық банкінің бұрынғы басшысы Григорий Марченко әлемдегі ең әдемі банкноттар мен күміс монеталар Қазақстанда деді. Бұндай пікірмен ол ұлттық валюта – теңгенің 20 жылдығына арналған халықаралық конференция кулуарларында журналистермен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

 «Теңге – бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасындағы ең тұрақты валюта. Бізде әлемдегі ең әдемі банкноттар мен күміс монеталар. Қазақстанның беделі өте жоғары», - деді Г.Марченко.
Сондай-ақ, ол өзіне ұнайтын купюралар туралы айтып берді. Оған 2001 жылы шыққан 10 мың теңгелік купюра ұнайды екен. Онда барыс бейнеленген. Және де Г.Марченкоға 20 мың теңгелік купюра ұнайтын болып шықты. Ол айналымға шығады деген ақпарат тараған болатын. «Купюра өте әдемі. Бірақ,ол әлі күнге дейін таныстырылған жоқ. Кейінірек қолданысқа енеді деген ойдамын. Онда сұр түс басым», - деді Г.Марченко.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер