BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Маңғыстауда 1% несие беретін бағдарлама өз жұмысын бастады

Маңғыстауда «NurKapital» бағдарламасы салтанатты түрде іске қосылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев, қала мен аудан әкімдері, кәсіпкерлер қоғамдық бірлестіктерінің, екінші деңгейлі банктердің, қаржы институттарының өкілдері қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» бірі – шағын несиені кеңейту. Бұл бастама мыңдаған адамға өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді.

Осы орайда Маңғыстау облысы президент тапсырмаларын орындап, өңірдегі бизнесті қолдау мақсатында шағын және орта бизнес өкілдеріне несиені жылына 1%-пен беретін «Nur Kapital» бағдарламасын іске қосты.

«Біз халықтың қоғамдық сана-сезімін жаңғырту үшін шағын және орта бизнесті дамытуға нақты жағдай туғызу міндетін қойдық. Қазіргі уақытта жалпы несие портфелі 2,7 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 900 млн теңге, «Даму» қорынан 1 млрд 800 млн теңге бөлінеді. Сондай-ақ, осы бағдарламаға қатысу үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Атамекен Микрофинанс» ЖШС өтінімдерін берді», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, облыс әкімдігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Маңғыстау облыстық филиалымен 400 млн теңгеге, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Жаңаөзен өңірлік филиалымен 400 млн теңгеге және «ForteBank» АҚ 322 млн теңгеге, «Сбербанк России» АҚ ЕБ 150 млн теңгеге келісімге қол қойған екен.

«NurKapital» бағдарламасына қатысқысы келетін барлық кәсіпкер қажетті құжаттарды дайындау және жинаумен айналысатын Жаңаөзен қаласындағы және облыстағы бизнес-бөлімшелерге өз өтінімдерін бере алады.

Сондай-ақ, кәсіпкер барлық қажетті құжатты екінші деңгейлі банктерге тапсырып, мақұлданған соң банкпен бірлесіп, субсидия алу үшін құжаттарды облыстық үйлестіру кеңесіне жібереді. Аймақтық үйлестіру кеңесі әрбір аудан үшін маңызды деп танылған жобаларды қарастырады.

«Қазіргі таңда облыстағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінде 2 млрд теңгеден астам қаржыға кәсіпкерлер тарапынан 192 өтінім келіп түсті. Олардың 35% мал шаруашылығы секторында, өңдеу, жеңіл өнеркәсіп - 22%, туризм - 16%, көлік және қойма - 8%, өсімдік шаруашылығы - 5%, денсаулық сақтау - 5%, қызмет көрсету - 3%, білім беру - 3%, тамақтану қызметтері - 1%, көтерме және бөлшек сауда - 1%, инвестициялар - 0,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс - 0,1%», - деді Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Венера Мұстапаева.

Сонымен қатар кездесу барысында 2018 жылдың қаңтарынан бастап Маңғыстау облысында жүзеге асырылған «Кәсіпкер боламын!» атты пилоттық жоба таныстырылды.

Аталмыш жобаның бастамасы аясында облыстың 12 пилоттық мектебінде 365 жоғары сынып оқушыларына арналған 14 факультативті сабақтар өткізіледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер