Мамыр айында ең төмен күнкөріс деңгейі 26 468 теңгені құрады - Қаржы|07 Маусым 2018, 12:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Мамыр айында ең төмен күнкөріс деңгейі 26 468 теңгені құрады

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда 0,5%, 2017 жылғы желтоқсанмен – 3,4% жоғарылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі stat.gov.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,8%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 15,3%, жемістер мен көкөністерді - 10,5%, нан және жарма өнімдерін - 7,3%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2,1%-ды құрады.

теңге
Орта есеппен
халықтың
жан басына
шаққанда
0-13 жастағы
балалар
14-17 жастағы
жасөспірімдер
18 жастан асқан,
еңбекке қабілетті
халық
Зейнет-керлер
мен қарт
адамдар
жас жігіттер қыздар ерлер әйелдер
Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 26 468 21 435 33 362 25 565 31 440 24 968 24 753
Азық-түлік тауарлары 14 558 11 789 18 349 14 060 17 293 13 732 13 614
Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтер 11 910 9 646 15 013 11 505 14 147 11 236 11 139

k04-06-2018-2

Әдіснамалық түсініктемелер

Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер