BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салық жеңілдетілген

«Халықтық IPO» Бағдарламасы аясында акцияларды сатып алудың алдында, қазақстандықтар құнды қағаздармен жүргізілетін операцияларға салынатын салық жайында ақпарат алулары тиіс. (КАSE) Қазақстан қор биржасында Қазақстандық компанияларға тиесілі акциялар табысына салық салынбайды.

Одан бөлек, қазақстандық заңға сайкес КАSE листингі жасалған шетелдік эмитеттердің акциялары бар жеке инвесторлардың қаржылық әрекеттеріне де салық салынбайды. KASE биржасынан тыс шетелдік биржаларда сатылатын компаниялардың акцияларына (жер қойынауын игеріп жатқан компаниялардан бөлек) салық төленбейді. Бірақ шетелдік қор нарықтарында сатып алынған шетелдік компаниялар акцияларынан түсетін пайдаға 10% пайыздық салық қойылады. Яғни 10 акция Лондон, Нью-Йорк, қор биржасында $1 000 жалпы сомаға $10 000 сатып алынып, содан соң $2 000 сатылып, $20 000 жалпы сомаға сатылса, онда $10 000 көлемінде пайдаға 10% салық қойылады. Салық сатылым кезінде алынатын болады. Бұл әрекеттердің барлығы Салық декларациясымен реттеледі, және салық комитетіне тапсырылады.
Сарапшылардың пікірінше Қазақстанда әлемдегі ең тиімді әрі қолайлы жүйе қалыптасты. Берешек облигация – қағаздарын саудалау операциялардан бөлек, жеке тұлғалар үшін заң жүзінде барлық салықтан босатылды. Салыстыру үшін: көрші Ресейде акцияларды сату-сатып алу келісімдері 9%, ал Украинада - 13% денгейінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер