BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Kүлтегін» бейнеленген банкнот айналымға шықты (ФОТО)

Астана. 12 желтоқсан. Baq.kz - Бүгін «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 теңгелік ескерткіш банкноты айналымға шықты. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Жаңа ескерткіш банкноты «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша шығарлырды. Айта кетерлік жайт, жаңа ескерткіш банкнотына Ұлттық банктің қазіргі төрағасы Қайрат Келімбетовтің қолы қойылған.
2013 жылғы үлгідегі «Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкнот көлемі 134х70 мм қағазда дайындалған. Банкноттың басым түсі: сарғыш қоңыр. Оның бет жағындағы бейнелердің басым бөлігі тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер – банкноттың оң жағында «Қазақ Елі» монументі және төменгі оң жағында ұшып бара жатқан көгершіндердің бейнесі. Сол жақ бөлігінің ортасында Күлтегін мүсінінің бөлігі берілген. Жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Ту бейнеленген. Жоғарғы сол жақ бөлігінде номиналдың цифрлық белгісі басылған, оның астында қолдан жасау жауапкершілігін ескертетін «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген мемлекеттік тілдегі жазу бар. Сол жағында көлденеңінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгісі және «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу бар.


Ал, сырт жағындағы басым бейнелер көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейнелер – түркі жауынгерлерінің жартастағы бейнелері, олардың арт жағында түркі жазбасы ескерткіші. Төменгі сол жағында және жоғарғы оң жағында банкнот номиналының цифрлық белгісі, ал төменгі жағының орта тұсында – орыс тіліндегі әріптік белгісі. Сол жағында Мемлекеттік Тудың бөлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген ені 12 мм голографиялық жолақ және «Ескерткіш теңге» деген жазба орналасқан. Жоғарғы жағында ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған. Төменгі сол жағында орналасқан номиналдың цифрлық белгісінің астында «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу бар.


«Kүлтегін» түркі жазба ескерткішіне арналған номиналы 1000 (бір мың) теңгелік ескерткіш банкноттың таралымы он миллион дана.

 

Мөлдір АСҚАР 
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер