ҚР Ұлттық Қорының активтері 9,8% артып, 63,5 млрд. долларға жетті - Қаржы|23 Шілде 2013, 11:37
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚР Ұлттық Қорының активтері 9,8% артып, 63,5 млрд. долларға жетті

Астана. 23 шілде. Baq.kz – ҚР Ұлттық Қорының шетел валютасындағы активтері жыл басынан бері 9,8% артып, 63,5 млрд. долларға жетті, деп хабарлады Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев бүгінгі Үкімет отырысында. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты хабарлайды.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ мен «ҚазАгро» ҰХ АҚ облигациялары портфелін қосқанда, Ұлттық Қордың барлық қаражаты 9,3% артып, 75,6 млрд. долларға жетті, дейді Е.Досаев.

Сонымен бірге, ведомство басшысының ақпараты бойынша, елдің жалпы халықаралық қорлары 26,1 млрд. долларға жетті және жыл басынан бері алтын құнының арзандауы есебінен 7,6% азайған.

Министрдің айтуынша, елдің халықаралық қорлары жыл басынан бері 4,1% артып, 89,6 млрд. долларға жеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер