BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қорғаныс министрлігі кәсіпкерлерге 200 млн теңге қарыз

Фото: kapital.kz

Кәсіпкерлер Қорғаныс министрлігінен әскери қызметкерлерге берілген бір айлық азық-түлік ақшасын төлеуді талап етті. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі atameken.kz сайтына сілтеме жасап.

ҰКП өкілінің айтуынша, 11 бизнесмен палатадан көмек сұрап келген. Олардың көмек сұрауына министрлікпен арадаға екі жылдан бері жалғасып жатқан дау себепші болған. Айтуларынша, кәсіпкерлер әскери қызметкерлерге азық-түлік жеткізу тендерін ұтып алады. Бірақ, келісімшарт мерзімі аяқталған соң Қорғаныс министрлігі оларға ақшаларын бермеген. Шығын 200 млн теңгеге бағаланып отыр.

Ведомствода қызметті қабыл алғандары және оның ақшасын төлемегендері туралы факті тіркелген.

«Қорғаныс министрлігі осы тұста мойнына алған жауапкершілігінен жалтарып отырған жоқ. Енді не себепті мұндай жағдай болып жатқанына келейік. 2016 жылы күшінде болған келісімшарт 31 желтоқсанда тоқтатылды. Бұл кезде ведомствоның белгілі бір көлемде қарызы болған еді. Бірақ, біз жауапкершіліктен қашпаймыз және қарызды төлейміз. Мұндай қызметке тапсырыс бергенімізді және кәсіпкерлер тапсырысты жеткізіп бергендерін толықтай мойындаймыз», - дейді ҚР ҚК Мемлекеттік сатып алулар бас басқармасының бастығы полковник Александр Степаненко.

Бизнесмендер өз кезектерінде министрлікке қарызын өтеуге тағы бір ай беруге келісті. Уақытымен төлемеген жағдайда іс материалдары әскери прокуратураға жіберілмек.

«Бұл жерде немқұрайлылық немесе қасақана әрекет байқалып отыр. Тергеусіз біреуді қылмыс жасады деп айыптауға болмайды. Қауіпсіздік министрлігінің ісінің материалдарын Бас әскери прокуратураға жіберу туралы ұсыныс түсті. Бірақ, министрлік өз қарызын толықтай өтеуге келіскендіктен, біз әзірге бұл түсінбеушілікті бақылайтын боламыз. Сіздерге мәселені реттеуге бір ай уақыт береміз. Егер осы уақытты тиімді пайдаланбайтын болсаңыздар, істі бас прокуратураға жолдайтын боламыз. Істі қарау барысында қасақана әрекеттер болғаны анықталмаса да, немқұрайлық, әрекетсіздік және салғырттық танытып отырғандары онсыз да көрініп тұр», - деді Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер