BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл көліктердің VIP нөмірлері бюджетке 1,5 млрд теңге пайда алып келді

2018 жылдан бастап қазақстандықтар VIP нөмірлерді ғана емес, оның тұсына жазылатын әріптерді де таңдай алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл жоғары сұраныстағы 4 мың мемлекеттік автомобиль нөмірі қолданыста болды. Осының арқасында бюджетке 1,5 млрд теңге келіп түсті. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Мұнымен қатар, ол 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап VIP нөмірлер тізімінің ұзаратынын айтып өтті. Аталған тізім 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлермен және бірдей әріптермен толығады.

Тұсына жазылатын әріптері бірдей 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 мемлекеттік нөмірлердің бағасы 274 170 теңге немесе 11 400% АЕК болады.

Тұсына жазылатын әріптері бірдей 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік нөмірлердің бағасы 466 570 теңге немесе 19 400% АЕК болады.

Тұсына жазылатын әріптері бірдей 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 мемлекеттік нөмірлерінің бағасы 685 425 теңге немесе 28 500% АЕК болады.

Бұдан өзге, автотранспорттың мемлекеттік және жоғары сұранысқа ие нөмірлерді интернет арқылы брондау мәселесі қарастырылып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер