BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қолданбалы картадағы ақша айналымы өсуде

Астана. 20 қараша. Baq.kz - Қазақстан аймақтарында қыркүйек айындағы қолданбалы бір картаға шаққандағы қолма-қол ақша шешілуі - 75,4 мың теңгені, құрап, жылдық өсім - 10 мың теңгені көрсетті. Қолма-қолсыз төлемдер - 11,9 мың теңге болса, жылдық өсім - 2,5 мың теңгеге жетті. Бұл туралы Ranking.kz порталының зерттеу нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Қолданыстағы бір картаға қолма-қол ақша шешілуінің ең жоғары көрсеткіші Астана қаласында. Қыркүйектегі көрсеткіш - 113,8 мың теңге болды. Ол былтырғы жылдан 21,4 мың теңгеге көп. Қолма-қолсыз төлемдер бойынша ең жоғары көрсеткіш Атырау облысында. Бұл аймақтағы қолданбалы бір картаға қолма-қолсыз төлемдердің қыркүйектегі көрсеткіші - 20,7 мың теңгені көрсетіп, былтырғы жылдан 9,1 мың теңгеге көп болды. Жалпы, қыркүйек айында республика бойынша 6 млн. карта қолданылған.

 

Мөлдір Асқар


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер