BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызметкерлердің есеп шотына 178 млрд теңгеден астам міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы түсті

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылдың 1 қыркүйегі бойынша10 мыңнан астам жұмыс беруші 451 021 қызметшіге 178,7 млрд.теңге міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен хабарлағандай, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы Үкіметтің Қаулысымен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары меншікті қаражаты есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, қызметкерлер кәсіптерінің тізбесі бекітілді.

Ал, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілердің есебінен зиянды (ерекше зиянды) жұмыс жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары енгізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер