BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытай банкі қазақстандық компанияға 120 млн доллар бөледі

Қытай банкі Еуропа қайта құру және даму банкімен бірігіп қазақстандық «ШалқияЦинк ЛТД» компаниясының жобасын қаржыландырады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

2017 жылдың маусым айында аталған екі банк Шалқия аймағындағы қорғасын-мырыш компаниясын кеңейту үшін жалпы сомасы 295 млн доллар болатын несие бермек.

«ШалқияЦинк ЛТД» - Қызылорда аймағында жер асты су алу мен Шалқиядан шығатын полиметалл кендерді өндіріп, зерттейтін тау-кен компаниясы.

BrookHunt зерттеу компаниясының мәліметінше, Шалқиядан шығатын мырыш қоры ҚР барлық қорының 30%-ын құрайды. JORC классификациясына сәйкес, аталған кен орны мырыш өндіруден үлкендігі жағынан 6,5 млн тонна қорымен әлемде бесінші орында тұр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер