BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келімбетов қаржы орталығының неліктен «ЭКСПО»-ға көшпей отырғанын айтты

«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов мекеменің ЭКСПО аумағына қашан көшетінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Қазір бізден Халықаралық қаржы орталығы жұмысын қашан бастайтынын және «ЭКСПО-ға көштіңіздер ме, жоқ па?» деп жиі сұрайды. Кеше біз қазақстандық жетекші БАҚ редакторларымен кездесіп, ЭКСПО аумағының қай бөлігінде орналасатынымызды көрсеттік. Мемлекет басшысының шешімімен үшінші және төртінші павильон «Астана» халықаралық қаржы орталығына берілді. Шетелдік павильондар 1 қаңтарға дейін нысанды босатқанымен, ЭКСПО-ға жылдың соңына қарай көшеміз», - деді Қайрат Келімбетов.

Ол «Астана – ЭКСПО» ҰК берген мәліметтер бойынша нысандарды қайта құру жұмыстары 9-10 айды алатынын айтты.

«Біз қазір «Зүбаржат орамында» («Изумрудный картал» бизнес орталығы – авт.) отырмыз. Белгіліленген өзгерістер болды, 2018 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істеп кету үшін АХҚО аумағын ұлғайттық. Бұл дегеніміз халықаралық төрелік орталығы мен АХҚО сот аппараты секілді институттар күнделікті қызметін бастады», - деді Қайрат Келімбетов.

Ол бұрындары 23 гектар жерді алған АХҚО аумағының 1600 гектарға дейін ұлғайғанын атап өтті.

«Астана» ХҚО бизнес орталықтары көп сол жағалаудың біраз бөлігін алып жатыр», - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов орталықта жұмыс істейтін қызметкерлер санын және бюджеттен қанша ақша бөлінгенін, сонымен бірге ресми тұсаукесер рәсімі қашан өтетінін айтқан болатын. Сонымен бірге, криптовалютаға қатысты пікір білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер