BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығына қанша қаржы бөлінгенін айтты

«Астана» халықаралық қаржы орталығына 2018 жылы бюджеттен 20 млрд теңге бөлінген. Ал АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов болса алдағы 2-5 жылда орталық бюджетке алақан жаймайтынын айтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«3 жылдық өтінім бойынша барлық қаржы институттарын құруға және олардың жұмыс істеуі үшін жыл сайын қаржы бөлінеді. 2018 жылы 20 млрд теңге салынды. ХҚО-ның биржасы қаржының орнын толтыра бастап, 3-5 жыл ішінде бөлінетін сома төмендейтін болады. Құрылғанына көп болмаған Дубай, Абу-Даби сияқты жетекші халықаралық қаржы орталықтары секілді 3-5 жыл ішінде бюджетке қол жаймай, тартылған инвестициялар есебінен қаржы алуды жоспарлап отырмыз», - деді АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетов.

Ол алдағы жылдары АХҚО арқылы ел экономикасына қандай қаржы түсуі мүмкін екенін айтты.

«АХҚО-ның арқасында жақын үш жылда 3 млрдтан 5 млрд АҚШ долларына дейін қаржы тартуға, жалпы алғанда 10 жыл ішінде АХҚО институттары есебінен Қазақстан Республикасына 40 млрд АҚШ долларын әкелу жоспарланып отыр», - деді Қайрат Келімбетов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер