BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚДБ басшысы валюта бағамына қатысты болжамын айтты

Фото: Kapital.kz

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан даму банкінің басқарма төрағасы Болат Жәмішев валюта бағамына қатысты болжам жасады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз валюта бағамын болжаумен айналыспаймыз. Десек те валюта нарығындағы өзгерістерді үнемі бақылап отырамыз. Теңге бағамы қазір күшейіп келеді, сол себепті валюта бағамы күрт өзгеріп кетеді деп ойламаймыз. Девальвацияның белгілі бір кезеңі болуы мүмкін, дегенмен оң динамиканы құлдырататын «мина» бар деп санамаймын», – дейді банк басшысы.

Оның айтуынша, қазір ҚДБ валюталық қауіп-қатерлерге қарсы тұра алмайтын жобаларды қаржыландырмайды. Тек экспортқа бағытталған, сондай-ақ валюталық қатерлерді еңсере алатын кәсіпорындарға ғана шетелдік валютада салыстырмалы түрде арзан займ береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер