BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазком өткен жылғы таза шығынды есептеді

Қазком (ҚКБ) 2017 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 376,1 млрд теңге таза шығын көтерген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның баспасөз қызметінде хабарлағандай, бұл шығын сатуға арналған бірқатар қарыз бен активтің құнсыздануына байланысты орын алып отыр.

«Банктің 2017 жылдың 4 шілдесінен бастап іске қосылған жаңартылған менеджменті осы қарыздар мен активтер бойынша күтілетін ақшалай қаражат ағынының, әрекет етуші және аяқталмаған жобалар бойынша инвестициялық жоспарлардың сомасы мен мерзімдерін қайта бағалады. Осыған байланысты шығын анықталып отыр», - деп түсіндірді қаржы институтында.

ҚҚБ-де мәлімдегендей, корпоротивтік және жеке несиелеу саласындағы жұмысты жаңғырту, жаңа акционерлердің тарапынан қаржылық ықпал етудің арқасында нормативтік деңгейлерден жоғары банктің капиталдандыру мен өтімділік көрсеткіштерін қалпына келтірудің арқасында 2017 жылдың 5 шілдесінен басталып 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған кезең қорытындысы бойынша банк 16,6 млрд теңге көлемінде пайда көрген.

Құнсыздану бойынша резервтерді рәсімдеуге дейінгі таза пайыздық табыс 2016 жылғы 203,4 млрд теңгемен салыстырғанда 2017 жылы 87 млрд теңгені құраған. Таза пайыздық табыс көлемінің төмендеуі БТА Банктің 2,4 трлн теңгеге қарызын сатып алумен байланысты 2017 жылы банктің қарыз портфелі көлемінің қысқаруына қатысты орын алып отырған көрінеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер