BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазан айында доллар бағамы көп құбылды

Астана. 20 қараша. Baq.kz - Биылғы жылдың қазан айында теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 153,52-154,4 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір айда 0,3%-ға төмендесе, жыл басынан бері 2,3%-ға әлсіреді. Жалпы қазан айының қорытындысы бойынша бір АҚШ доллары 154,23 теңге болды.

Сондай-ақ, биылғы жылдың қазан айында қосымша сауда-саттықтардағы мәмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 23,3%-ға ұлғайып, 4,8 млрд. АҚШ долларын құрады. Ал, жыл басынан бері 45,8 млрд. АҚШ доллар болды. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 2,0 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 15,3%-ға, жыл басынан бастап - 17,7 млрд. АҚШ долларына өсті.
Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 20,8%-ға ұлғайып, 6,8 млрд. АҚШ долларын көрсетсе, жыл басынан бері - 63,4 млрд. АҚШ доллары көлемінде болды.


Мөлдір АСҚАР
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер