BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақтелекомның» бір акциясына 2600 теңгеден астам дивиденд төленуі мүмкін

Астана. 10 желтоқсан.Baq.kz - «Қазақтелеком» АҚ 2013 жылдың I жартыжылдығындағы таза пайдасының 100%-ын дивиденд төлеуге бағыттауы мүмкін, ол сома 10,6 млрд теңгеден асып түседі. «Қазақтелеком» Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы шешімінің жобасында осылай көрсетілген. Бұл туралы компания ресми сайтында 9 желтоқсанда жариялады, - деп halyk-ipo.kz сайты жазды.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 19 желтоқсанға жоспарланған.
Жиналыста жалпы сомасы 18 млрд теңге болатын өткен жылдардың үлестірілмеген пайдасын дивидендттерді төлеуге бағыттау ұсынылады деп күтілуде. Егер шешім жобасы қабылданса, онда «Қазақтелеком» акционерлері 2013 жылдың I жартыжылдығы үшін дивиденд түрінде 1 қарапайым акцияға 2 603 теңге және бұрнағы жылдардың үлестірілмеген табыстары түрінде арнайы дивиденд алады.
Ағымдағы жылдың I жартыжылдығы үшін дивиденд алуға құқы бар акционерлер реестрін Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетін датадан кейін (егер Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы 19 желтоқсанда өтетін болса, онда 29 желтоқсанда) екінші жексенбінің жарым түнінде тіркеу ұсынылады. Төлемдерді Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысынан кейін екінші дүйсенбіден (30 желтоқсан) бастау жоспарланып отыр.
Сауда-саттық басталғалы дүйсенбі, 9 желтоқсанда, Астана уақыты бойынша сағат 13:00-де «Қазақтелекомның» қарапайым акциялары 2%-ға қымбаттап, 16 000 теңгеге дейін жетті. Ал, бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық көлемі бірнеше сағатта 138 млн теңгеден асып түсті. Бұл жалпы соңғы 7 күнгі көрсеткіштен екі есе көп.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер