BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның жоғары оқу орындары шамамен 190 млрд теңге табыс тапты

2017 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның білім беру мекемелері шамамен 1,3 трлн теңге табыс тапты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS-ке сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2016 жылмен (1,1 млрд теңге) салыстырғанда 9,9%-ға өскен.

Қаржының көп бөлігін бастауыш және орта білім беру орындары тапқан. Тоғыз ай ішінде бұл бағыт 639,4 млрд теңге кіріс әкелген.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері 202,1 млрд теңге, ал жоғары оқу орындары 188,2 млрд теңге табыс тапты.

Колледж және кәсіби-техникалық училищелер тоғыз айда 120,9 млрд теңге өндірді.

Спорттық білім мекемелері 33,8 млрд теңге, музыкалық, көркем және театралды мектептер 19,2 млрд теңге, сондай-ақ көлік мектептері 2,2 млрд теңге пайда тапқан.

Қосымша білім беру компаниялары 13,8 млрд теңге, ал басқа қызметтер 69,3 млрд теңге кіріс әкелді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер