BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның сыртқы қарызы 1,4 млрд долларға азайды

Фото: Forbes.kz

2017 жылдың IV тоқсанында Қазақстанның сыртқы қарызы 1,4 млрд долларға қысқарды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2018 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның сыртқы қарызы 167,5 млрд доллар болды. Сыртқы қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 2,9% жақсарып, 105,9%-ды құрады.

Қаржы нарығын реттеушілер қарыздың азаюына ірі өндіріс компаниялары инвесторларының алдын ала жіберген дивидендтерді төлеуі және еншілес компаниялардың сыртқы қарызды жабуымен байланысты.

Мемлекет басқаратын ұйымдардың сыртқы қарызы 1 млрд долларға өсіп, жалпы 27,4 млрд долларды құрады. Сондай-ақ, Қазақстанның таза сыртқы қарызы 2 млрд долларға өсіп, жалпы 45,7 млрд долларға жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер