BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық Банк: Теңге – Қазақстан аумағындағы жалғыз заңды төлем құралы

Фото: Радио Азаттық

Қазақстанның аумағында теңге жалғыз төлем құралы болып табылады. Осыған орай криптовалюталар ел аумағында төлем құралы ретінде пайдаланыла алмайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілдері Vласть интернет-журналы «Верный капитал» компаниялар тобымен бірге ұйымдастырған «Криптовалюталар: болу керек пе, жоқ па» деген тақырыпқа ашық сараптамалық пікірталас барысында айтып берді.

«Қаржы ұйымдарына, сондай-ақ, заңнамада тікелей көзделмеген операцияларды жүргізуге тыйым салынады. Осылайша, тікелей реттеуге қарамастан, бүгінгі күні қаржы секторында меншікті немесе клиенттік операциялар бойынша, сондай-ақ есеп айырысу бірлігі ретінде криптовалюталарды пайдалану заңнамаға қайшы келеді», - деп түсініктеме берді Ұлттық Банктің Төлем жүйелері Департаменті басқармасының бастығы Алина Иманғазина.

Сондай-ақ, Иманғазина халықтың криптовалюталарға деген сұранысы тез әрі жоғары кіріс алу мақсатында инвестицияларға арналған нысана ретінде байқалатынын атап өтті. Ол бұл ретте криптовалюталардың ешқандай құны жоқ екендігін түсіну қажет деп атап өтті. Баға алып-сатарлық күтулермен өрши түсетін сұраныспен ғана қамтамасыз етіледі. Тек соңғы екі айда ең белгілі криптовалюта – биткоиннің бағасы 2,5 есе құлдырады. Бұл нарықтағы кейінгі іс-қимылды болжау мүмкін емес. Бұл халық салған қаражатты жоғалтудың жоғары тәуекелдеріне апарады.

«Бұдан басқа, криптовалюталардың танымалдығы аясында қаржылық пирамидалар белгілері бар түрлі алаяқтық схемалары туындайды. Сонымен бірге криптовалюталар арқылы жаңа жобаларға қаражат тарту (ICO) белсенді түрде жарнамалануда. ICO инвестициялау қағидаттары IPO-ға ұқсас екендігіне қарамастан, бұл жағдайда ешкім эмитенттерді тексермейді және инвесторлардың құқықтарын қорғауға кепілдік бермейді. Криптовалюталармен барлық операцияларды халық пен заңды тұлғалар тәуекелге бел буып жасайды», - деді Иманғазина.

Криптовалюталармен жасалатын операциялармен қатар жүретін теріс салдарды азайту үшін Ұлттық Банктің сарапшылары криптовалюталық қаржылық пирамидалардың пайда болуын болдырмау, халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, осы саладағы заңнаманы қатаңдату жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет деп санайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер