BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның ең ірі несие беруші үштігі ипотекалық нарықтың 6%-нан айрылды

Астана. 13 қараша. Baq.kz - Бірінші эшелондағы банктер, яғни, ЕДБ-ден қарыз қоржындары 10%-дан асатындар 2012 - 2013ж.ж. маусым айлары аралығында ипотекалық қарыз көлемдерінің жалпы үлесін 42%-дан 36%-ға дейін қысқартты. Бұл туралы Ranking.kz порталының сараптама нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша БТА, Казком және Халық Банктерінде берілген ипотекалық қарыздар көлемі 344,4 миллиард теңгені құрады. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24 миллиард теңгеге кем.
Несие беруші ірі үштік үшін ипотекалық несие беру маңыздылығы басым емес. БТА қоржынында 5%-ды ғана құраса, Казком мен Халық Банк қоржындарында бар-жоғы 6%-ды құрайды.
Ипотекалық несиені ең көп берген БанкЦентрКредит (160 миллиард теңгеге). Аталмыш Банк жалпы банктік ипотека нарығының 16,7%-ын бақылайды және ипотекалық бағыт БЦК қоржынының 17%-ын құрайды. Салыстыратын болсақ, бүгінде ЕДБ-дегі ипотекалық қарыздардың үлесі 9%-ды ғана қөрсетіп отыр.
Ірі несие берушілер тарапынан болған тұрғын мақсатындағы қарыздардың кері көрсеткіштерін, екінші эшелондағы банктер сәл түзеді десек болады. 2012-2013 маусым айлары аралығында нарық 9% қосып, өсім 73 миллиард теңгеге жетті. Оң көрсеткішті қамтамасыз еткен қарқынды үштік: Сбербанк, Еуразия және Цеснабанк. Бұл үштіктің ипотекалық нарықтағы жалпы үлесі 5%-ға өсіп, 12,7%-ды құрады. Сбербанк ипотекалық қоржынын екі есе өсірсе, Цеснабанк пен Еуразиялық Банк бір жарым есе өсірді.
Бірінші жарты жылдыққа қаржылық есепберулерінде 14 банк ипотека туралы ақпарат жариялаған еді. Бұл топтың мәліметтері ҚР ЕДБ-індегі ипотекалық қарыздардың жалпы көлемінің 88%-ын береді.

 

 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер