BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның банк жүйесі экономиканың ішкі ресурстарына тәуелді

Астана. 22 қараша. Baq.kz - Бүгінде Қазақстанның банк жүйесі экономиканың ішкі ресурстарына тәуелділігін арттыруда. ЕДБ міндеттемедегі салымдар үлесі 1 жыл ішінде 64%-дан 75%-ға дейін өсті. Бұл туралы Ranking.kz порталының зерттеу нәтижесіне сүйене отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

ҚР ЕДБ салымдар көлемі, қыркүйек айында 9,8 трлн. теңгеден асты. Жылдық өсім - 18,6%. Банктік міндеттемелер көлемі тек 1,4%-ға өсіп, 13,2 триллион теңгені құрады.
Клиенттерден қаражат құралын тарту бойынша алғашқы бестікте тұрған банктердің ішінде, міндеттемедегі салымдардың көлемі бойынша алдағылар: Цесна және Халық банктері - 86,6% және 82,5%, сәйкесінше, міндеттемедегі салымдардың ең аз үлесі БТА банкінде - 42%.
Сала мамандарының айтуынша, банктердің экономиканың ішкі ресурстарына тәуелділігінің артуы, сыртқа қарызданудың төмендеу есебінен болып отыр. Бір жыл ішінде ( 2012-2013 II-тоқсаны) банктердің шетелдік несие берушілерге берешегі 14,5 млрд.-тан 11,5 млрд. долларға дейін қысқарған.
 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер