BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанға 750 млн долларға телефондар әкелінді

2017 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында Қазақстанға жалпы құны 755,7 млн доллар болатын телефондар әкелінді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 42,9% өсіп отыр. 2016 жылы Қазақстанға барлығы 528,9 млн долларға телефондар әкелінген болатын.

Телефондардың көп бөлігі Қытайдан әкелінді. Аспан асты елі бір жыл ішінде Қазақстанға жалпы құны 413,7 млн теңге болатын телефондар сатқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 54,3% көп. Мұнымен қатар, Вьетнам елінен 184,1 млн долларға (34,1%) техника әкелінді.

Ресей Қазақстанға – 50,4 млн долларға (55,5% көп), Малайзия 13,8 млн долларға (88,1% көп), АҚШ – 16,7 млн долларға (2,1 есе көп), Германия – 14,3 млн долларға (3,6 есе көп) техника импорттады.

Бұдан өзге Нидерланды Қазақстанға 6,5 млн долларға (11,5% көп), Эстония – 5 млн долларға (39,9%), Корей – 3,9 млн долларға (58,8%) техника сатты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер