BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстандықтар шетел валютасын 146 млрд теңгеге сатып алды

2018 жылдың сәуір айында ел тұрғындары шетел валютасын 146,1 млрд теңгеге сатып алды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі LS басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің деректеріне сүйенсек, негізгі көлем – 52,9% немесе 77,3 млрд теңге ресейлік рубльге жұмсалды. Долларға – 30,5% немесе 44,6 млрд теңге кетті. Ал еуро – ең аз сатып алынған валюта. Бар болғаны 15,8% немесе 23,1 млрд теңгеге алынды.

Өткен аймен салыстырғанда, осы шығындар 0,4% ұлғайды. Еуро мен ресейлік рубльді сатып алу 24,6% және 13,5% өсті, ал доллар сатып алуға, керісінше, 23,4% төмендеді.

2018 жылдың сәуірдегі валюта нарығында доллар курсы 319,24-330,88 теңге болды. Ал сәуір айының соңында 1 доллар 327,25 теңгені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер